Үндістандағы мукормикоз ауруы неден таралуы мүмкін

Үндістанда мукормикоз немесе халық арасында «қара зең» деп аталатын аурудың өршуіне байланысты Раджстан және Телангана штатында эпидемия жарияланды.

Аты жаман кесел Раджстанда 100 адамнан анықталып, арнайы емдеу орталығы ашылды. Ал мамандардың айтуынша, бұл дертке коронавирустан жазылған азаматтардың шалдығуы жиілеген. Сондықтан ауру коронавирусты емдеу кезінде қолданылған дәріден болуы мүмкін деген болжам бар. Жалпы бұл ауру әдетте топырақта, өсімдікте, шіріген жеміс-жидекте кездесетін микробтан тарайды екен.

Үндістанның екі штаты «қара зең» эпидемиясын жариялады