427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тайваньдағы Сан Мун көліне қауіп төнді

  • 96
  • UPD: 18:18, 20.05.2021
Тайваньдағы Сан Мун көліне қауіп төнді

Тайваньдағы ең ірі су қоймаларының бірі саналатын Сан Мун көліне таяздану қаупі төнді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған былтырдан бері тайфунның болмауы мен биылғы аптап ыстық себеп болған. Жауынның жоқтығынан қазір көл маңындағы жер беті жарылып кеткен. Күннің ысығаны сонша, кей өңірлерде ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді. Соның салдарынан электр қуатымен байланысты қиындықтар туа бастаған. Мәселен, соңғы аптада бүкіл арал бойынша екі рет жарық өшіп, жұрт қараңғы түнекте қалған.

Хабар 24 телеарнасы