427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда қала басшылары қалай сайланады

  • 130
  • UPD: 20:27, 20.05.2021
Германияда қала басшылары қалай сайланады

Германияда федералды жерлер, яғни аймақтардағы қала мэрлері тікелей сайланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ел астанасы Берлинде шаһар басшысын жергілікті парламент сайлайды. Қала мэріне үміткерлерді көбіне партиялар ұсынады. Саяси топқа кірмейтін азаматтардың жеке дара додаға түсуіне де жол ашық. Үміткерлерге қоятын талап та әртүрлі.

Мысалы, Баварияда кандидат Германия азаматы болуы тиіс, Солтүстік Рейн-Вестфалияда қала билігін Еуроодақтың кез келген азаматы қолға ала алады. Жас мөлшеріне келетін болсақ, әдетте 23-тен 67 жасқа дейінгі азаматтардың додаға түсуіне рұқсат етілген. Ең бастысы сайлауда көп дауыс жинаса жеткілікті. Ал қала басшысының жалақысы шаһар халқының көлеміне қарай болады. Мысалы, 150 тұрғыны бар қала басшысы 10 мың еуро алса, Берлин мэрінің айлық табысы 17 мың еуро.

Хабар 24 телеарнасы