427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда коронавирустың таралуы бәсеңдеп, шектеулер жеңілдетіліп жатыр

  • 134
  • UPD: 09:38, 21.05.2021
Германияда коронавирустың таралуы бәсеңдеп, шектеулер жеңілдетіліп жатыр

Еуроодақта халқы ең көп саналатын Германияда коронавирусты жұқтырғандар саны азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте эпидемиологтар шектеулерді жеңілдетіп жатыр. Бірақ кей жерлерде әлі де адамдардың вирусты жаппай жұқтыруы тіркелуде. Мысалы, елдің батысындағы 2 кө пқабатты үйде 19 адам ауырып, 200 тұрғын карантинге жабылды. Науқастың бірінен коронавирустың үнді штамы табылған. Қазір онымен байланысқа түскен азаматтар анықталып жатыр.

Маркус Ковальчук, аудандық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- Біз қазір бұл штамды қанша адам жұқтырғанын анықтап жатырмыз. Науқаспен байланыста болғандардың бәрін тексереміз. Бұл 5-7 күнге созылуы ммүкін. Бірақ біз адамдар карантиннен тез шығу үшін бар күшімізді саламыз.

Жалпы Германияда үнді штамының үлесі ауруды жұқтырғандардың 2%-ін құрайды. Оған қарағанда британдық штамм кеңінен таралған. Ол науқастардың 92%-інен анықталуда. Дегенмен, билік карантин талаптарын жеңілдетіп, Берлинде музейлер мен кинотеатрлар ашылды. Қоғамдық орындарға бару үшін алдын ала тест тапсыру қажет. Ғимарат ішінде маска тағып, әлеуемттік арақашықтықты сақтау міндетті. Ашық аспан астында мәдени іс-шараларды өткізуге де рұқсат етілді. Қатысушылар саны 250-ден аспауы тиіс. Ал хайуанаттар паркіне тіптен ПТР-тестсіз кіруге болады. Бір аптадан кейін мейрамхана мен дәмханалардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмек.

Хабар 24 телеарнасы