Испанияда орман өрті ұлттық саябаққа қауіп төндіріп тұр

Испанияның Тенерифе аралындағы орманда өрт болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, 400 гектардан астам аумақ жанып кеткен. Қызыл жалын қазір Тейде ұлттық саябағына жақын келіп, мемлекет қамқорлығындағы жасыл желекке үлкен қауіп төндіріп тұр. Тілсіз жаумен күресуге 5 тікұшақ пен әуе кемесі де тартылған. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Билік өкілдері елдімекендерге қауіп жоқ деп мәлімдеді.

Сондай-ақ...