427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канада соты Ирандағы әуе апатын теракт деп таныды

  • 134
  • UPD: 11:46, 21.05.2021
Канада соты Ирандағы әуе апатын теракт деп таныды

Канада соты 2020 жылы Иранда болған әуе апатын теракт деп таныды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды. Айтуынша, сот барлық болжамдарды ескере отырып осындай шешім қабылдаған. Сарапшылардың пікірінше, Иран тарапы әуе көлігі азаматтық ұшақ екенін алдын ала білген.

Естеріңізге салайық, Boeing 737 өткен жылдың қаңтарында Тегеран әуежайынан ұшқаннан кейін көп ұзамай зымыран тиіп, апатқа ұшырады. Салдарынан бортта болған 176 жолаушының бәрі опат болды.

Хабар 24 телеарнасы