Pfizer вакцинасы үнді штамынан 75%-ке тиімді қорғайды

Pfizer-BioNTech вакцинасы коронавирустың үнді штамынан 75 процентке дейін тиімді қорғайды.

Бұл туралы аталған компанияның басшысы Угур Шахин мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен аптада осы мақсатта арнайы клиникалық тексерістер жүргізілген. Pfizer препаратын салдырған адамның ағзасында антиденелер үнді штамына қарсы 25 процентке кем болады екен. Қазір мамандар коронавирус мутацияларының ішінде осы үнді штамына қарсы ем табу қиынға соғып отыр дейді.

Угур Шахин, Biontech басшысы:

− Осы аптада біз препаратты коронавирустың үнді штамына қарсы сынақтан өткіздік. Нәтижесінде оның адамды инфекциядан 70-75 процентке дейін қорғай алатынын анықтадық. Тақауда бұдан да көбірек ақпарат береміз.

Сондай-ақ...