Германия: елдегі ең биік тауға шығуға рұқсат етілді

Германия елдегі ең ірі тауға келушілерді қабылдай бастады.

Тек тілек білдірушілер COVID-19 тестін тапсыруы тиіс. Қазірдің өзінде 1,5 мың билет сатылып кеткен. Бірақ тауда орналасқан мейрамханалардың тек біреуі ғана жұмыс істейді. Оның өзінде іште отыруға әзірге рұқсат жоқ. Тамақты алып, сыртта жеу керек. Биік жерге баруға коронавирустың өршуіне байланысты былтырдан бері тыйым салынған. Себебі биіктігі 3000 метр шамасындағы Цугшпитце шыңына тек арқанжолмен шығуға болады.

 Матиас Штаух, Zugspitzbahn менеджері:

− Біз арқанжолдағы кабинаға тек 50-60 адам ғана кіргіземіз. Негізі онда бұдан 2 есе көп кісі сыяды. Бұдан басқа, кабинаның ішін жиі желдетіп отырамыз. Жоғары көтерілуге бар болғаны 10 минут кетеді. Бірақ сонда да іштегі ауа тап-таза болуы тиіс. Бүкіл адам бетперде киюге міндеттеледі.