Италияда су қоймасының түбінен ауыл шықты

Италияның Оңтүстік Тироль аймағындағы құрғатылған су қоймасынан ертедегі ауыл шықты.

Бұл − осыдан 70 жыл бұрын суға батырылған Ескі Курон мекені. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары су қоймасы салынып, 160 ошағы бар ауыл су түбіне жіберілген. Ал жақында жөндеу жұмыстарына байланысты қойма таязданып, суға батырылған ауыл орны қайта қараңдаған. Бірақ ескі ауылдан тек XIV ғасырда салынған шіркеу мұнарасы сақталған. Қалған үйлер құрып кеткен.