АҚШ: COVID-19 вакцинасының қосымша компоненті қажет болуы мүмкін

Алдағы уақытта COVID-19 вакцинасының үшінші компонентіне деген қажеттілік туындауы мүмкін.

Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар интситутының директоры Энтони Фаучи мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі таңда Pfizer және Moderna вакциналарының тиімділігі 6 айдан 12 айға дейін ғана жалғасады. Демек қатерлі індеттің қайтадан өршуіне жол бермей, қауіп-қатердің алдын алу үшін COVID-19 вакцинасының үшінші компонентін қабылдау қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар үшінші компонент уақыт өте қалыптасатын вирусың мутациалануынан да қорғайды деп күтілуде.

Энтони Фаучи, АҚШ-тың Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар интситутының директоры:

- Вакцинаның үшінші компоненті бойыңыздағы антиденелерді арттырып, иммундық жүйені күшейтеді. Оның қашан шығатыны және қажеттілік деңгейі әлі де талқылануда. Өйткені ол бірнеше факторларға байланысты. Біріншіден, белгілі бір уақыт өткенде COVID-19 вакцинасының әсері әлсірей бастайды. Сонымен қатар індетті жұқтырғандардың саны күрт артуы мүмкін. Ол үшінші компонентті алуыңызға тура келеді деген сөз.

Сондай-ақ...