Луизиана штатында табиғи апат салдарынан бес адам мерт болды

АҚШ-тың Луизиана штатында осы аптада ойран салған дауыл мен су тасқынынан 5 адам мерт болды.

Қазір кей өңірлерде жиналған судың биіктігі белуардан асады. Жергілікті тұрғындар жұмыстарына жете алмай әлек.

Балалар болса оқу орындарына бара алмай отыр. Ал мамандар табиғат апатынан келген шығын мөлшерін есептеуге кірісті. Аймақта тазарту жұмыстары басталды.

Десе де, синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, нөсер жауын алдағы күндері әлі де жауатын көрінеді.