Түркия шетелден пластик қалдықтарды импорттауға тыйым салды

Түркия билігі Британия, Германия, Польшадан және өзге де Еуроодақ елдерінен елге пластик қалдықтарды әкелуге тыйым салды.

Шешім «Гринпис» экологиялық ұйымының атышулы тексерісінен кейін қабылданды.

Белсенділер Адана аймағындағы жағажайларда, жолдарда және су айдындарында британдық пластиктің бірнеше заңсыз үйінділерін тапты. Түркияның сауда министрі полимерлердің барлық түрлеріне тыйым салынбайтынын түсіндірді. Шектеу полиэтиленді пластикке қатысты, ол Түркияға экспортталатын британдық қалдықтардың 94 процентінде кездеседі, оның ішінде йогурт консервілері, салаттар мен полиэтилен пленкалары бар. Британдық пластик қоқыстың Түркияға экспорттау көлемі соңғы 4 жылда 17 есе өскен. 

Мұрат Бакан, Парламенттегі қоршаған ортаны қорғау комиссиясының мүшесі:

- Түркияның тыйым салып жатқанының негізгі себептерінің бірі билік қоқысты басқару процесін бақылаудан шығарып алды. Бұдан басқа себеп қайта еңдеу ісі де жолға қойылмаған. Бұл жұмыстың сапасы мүлде сын көтермейді.

Сондай-ақ...