Испанияда өрт сөндірушілер терең құдыққа құлаған жылқыны құтқарып алды

Мадрид қаласының маңындағы бір ауыл тұрғыны атының төрт метр тереңдіктегі шұңқырға түсіп, шыға алмай қалғанын хабарлаған.

Құдықта су екі метрге көтеріліп, жануар әрең дегенде басын жоғары ұстап тұрған. Өрт сөндірушілер биеге арқан байлап, оны тікұшақтың көмегімен құдықтан шығарды. Аман қалған жылқы иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ...