АҚШ-тың мейрамхана мәзірлерінде цикадалардан әзірленетін тағамдар көбейді

АҚШ-тың шығыс жағалауында цикадалар қаптап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 17 жылда бір қайталанатын құбылыс. Осы жәндік құрттары 17 жыл бойы жер астында болып, кейін көбею үшін жер бетіне шығады. Осыған байланысты жергілікті аспаздар мәзірін түрлендіріп, цикадалардан тағамдар жасауды ұйғарған. Қонақтарға ең ұнағаны жәндіктерден әзірленген тако көрінеді.

Тобиас Падовано, бас аспаз:

- Цикада – асшаянның алыс туысы. Сондықтан дәмін татқан жұрт оны асшаянға ұқсатады. Кеше ғана цикаданы жеп, осындай ойға келдім.

Уилл Бекер, мейрамхана қонағы:

- Алдымен сәл қытырлайды, бірақ шайнай бастағанда мұны сезбейсіз. Тым қатты дей алмаймын. Авокадоны қосып, жұмсартқан шығар.