Қытайлық ровер Марсқа қонып, ғаламшарды зерттей бастады

Қытайдың «Чжужун» деп аталатын аппараты Марс бетіне түсіп, Қызыл ғаламшарды зерттей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, Қытай АҚШ-тан кейін осы аспан денесінде өз роверін жүргізген әлемдегі екінші ел атанды. Кезінде Кеңес Одағы өз аппаратын Марсқа қондырғанмен, 14,5 секундтан кейін онымен байланыс үзіліп қалған еді. Алты дөңгелегі бар «Чжужун» Күн сәулелерінен қуаттанатын батареялармен жұмыс істейді. Ол ежелгі қытай аңызындағы От құдайының есімімен аталған. Бұл қытай тіліндегі Марстың Отты ғаламшар деген атауымен үйлесіп тұр. Үш ай бойы жұмыс істейтін «Чжужун» Қызыл ғаламшардың бет қыртысының үш өлшемді кескіндерін түсіріп, құрылымы мен магнит өрісін зерттейді. Сондай-ақ, айналасындағы ауа-райын бақылап, мұздан қалған таңбаларды іздейді.

Сондай-ақ...