Нигерияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты

Нигерияның ақпарат құралдары әскери ұшақ апатынан 11 адам қаза тапқанын хабарлады.

Олардың арасында Қарулы күштер штабының басшысы генерал-лейтенант Ибрагим Аттахару болған. Абуджа шаһарынан Кандун қаласына ұшып шыққан ұшақтың пилоттары ауа райының бұзылуына байланысты әскери аэродромның орнына азаматтық әуежайға қонуды шешкен. Алайда оған сәл жетпей жарылып, толығымен жанып кетті. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, апатқа қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған.