Туристсіз қаңырап қалған Перудегі ежелгі Мачу-Пикчу қаласына екі аю қоныстанды.
Маймақтар бұрыннан бері тарихи кешеннің маңындағы орманда тұратын. Ал қазір ежелгі қаланың үйінділерін аралауға ешкім кедергі келтірмейді.
Кешен қызметкерлері аюларды осыдан 2 күн бұрын байқаған. Біреуі ұрғашы, екіншісі конжығы. Жалпы бұл елде инктер дәуірінен қалған тарихи ескерткіштер көп.
Арасында ең әйгілісі биік тауда орналасқан Мачу-Пикчу қамалы. Жыл сайын инктердің бұл ежелгі қаласын көруге бір жарым миллион турист келетін. Алайда пандемияға байланысты бұл кешен бір жарым жыл жабық болды.