426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппин мен Индонезия орналасқан аралықта қуатты жер сілкінісі болды

  • 153
  • UPD: 11:52, 23.05.2021
Филиппин мен Индонезия орналасқан аралықта қуатты жер сілкінісі болды

Филиппин елінен оңтүстік-шығысқа қарай Индонезияның Талауд аралдарының жағалауында күші 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Табиғи апат ошағы Филиппиндегі Давао қаласынан 265 шақырым жерден өтіп, кіндігі 118 шақырым тереңдікте болды.

Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Авторы: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы