426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда ковидті жоққа шығарушылар шеруін полиция таратып жіберді

  • 105
  • UPD: 11:50, 23.05.2021
Германияда ковидті жоққа шығарушылар шеруін полиция таратып жіберді

Германияда «ковид-диссиденттер» қайта шеруге шықпақ болды.

Шара ұйымдастырушылары Берлинде бір мезгілде 16 мыңдай адамды жинауды көздеген. Алайда полиция демонстрация өткізуге тыйым салды. Осыған қарамастан қаланың әртүрлі аудандарында маска тақпаған жүздеген адам жинала бастады. Осыдан кейін олар Бранденбург қақпасы алдында шеру ұйымдастыруға әрекет жасады. Жұрттың көптеп жиналуына жол бермес үшін үш мың полицей Берлиннің орталық көшелерін уақытша бөгеп тастады. 

Тило Каблитц, Берлин полициясының баспасөз хатшысы:

- Демалыс күндері Берлинде 90 түрлі демонстрация өткізуге арыз түсті. Оның он бірін өткізуге толық тыйым салдық, өйткені онда санитарлық ережелер бұзылар еді. Карантин шараларына қарсы демонстрацияларды доғарып, жұртқа көптеп жиналуға жол берген жоқпыз. Сондай-ақ салған тыйымға қарамастан өңірлерден келе жатқан шерушілердің автобустарын кері қайтардық. Алғашқы мәлімет бойынша екі жүздей адамды ұстап, ескерту жасадық.

Хабар 24 телеарнасы