Конгода жанартаудан аққан лава тұтас бір қаланы жалмап барады (видео)

Конгода Ньирагонго жанартауы оянды.

Өңменінен от атқылаған жанартаудың лавасы жақын маңдағы Гома қаласына жетті. Ал мұнда 1,5 млн халық тұрады, деп хабарлайды Reuters. 

Бұл лава ерекше химиялық құрамының арқасында сағатына 96 шақырым жылдамдықпен елді мекенге жетіп барды. Сөйтіп, еріген тау жынысы қаладағы көшелер мен тұрғын үйлердің кварталдарын бітеп тастады. Қазір лаваның жоғары температуралы болуы кесірінен үйлерде өрт басталды. 

Мұнан бұрын биліктің ресми өкілі Патрик Муяйя қала тұрғындары эвакуацияланатынын мәлімдеген.

Бірақ Гома тұрғындары қаладан өз бетінше кетіп, көршілес Руанда елінің шекарасын асты. 

Айта кету керек, Ньирагонго жанартауы Альбертин рифінің бір бөлігі болып табылады. Биіктігі 3 470 метр.

Бұл жанартау 1977 жылғы атқылаған кезде қалада 600 тұрғын қаза тапқан. 

Соңғы рет Ньирагонго 2016 жылы оянған болатын.

Аударған: Г.Абилова

Сондай-ақ...