Ғарышқа сынақ ретінде туристер ұшып барып келді

«Virgin Galactic» компаниясының «Unity» ракетопланы негізгі үш сынақ ұшырылымының біріншісін жасады.

«Unity»-ге мінгесіп ұшқан ғарышкердің бірі НАСА-ның бұрынғы астронавты Си Джей Стеркоу, ал екіншісі Galactic-тің аға сынақшы-ұшқышы Дейв Маккей болды.

Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, Virgin-ді басқарушы британдық кәсіпкер Ричард Брэнсон коммерциялық рейстерді бастауы мүмкін.

Олардың басқаруымен ұшу аппараты 89 км биіктікке көтеріле алды, содан кейін ол Жерге қарай қалықтап қонды. Жер атмосферасының ғарышпен шекарасы 100 км биіктікте болды.

Қазірдің өзінде ақшасы төленген билеттері бар 600-ге жуық болашақ жолаушы ғарыш пен Жердің шекарасына ұшу кезегін күтіп жүр. Олардың арасында танымал актерлер мен музыканттар бар. Бірақ әуелі ракетоплан барлық қажетті лицензияларды алуы керек. Бұл процесс осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Лицензиялау процесін АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасы (FAA) жүзеге асырады, оған сенбіде Нью-Мексико шөлінің үстінен ұшу туралы техникалық мәліметтер жіберіледі.

Virgin Galactic