426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузия ковидке байланысты енгізілген коменданттық сағат уақытын қысқартты

  • 149
  • UPD: 13:44, 23.05.2021

Грузияда коронавирус індетіне байланысты қабылданған коменданттық сағаттың мерзімін екі сағатқа қысқартты. Енді ол сағат түнгі он бірде басталатын болды. Туризм саласының өкілдері бұл жаңалықты қуана қарсы алды. 2020 жылы пандемияның кесірінен ел экономикасындағы туризм саласы 90%-ке азайған болатын. Енді кәсіпкерлер алдағы жазғы маусымға үлкен үміт артып отыр. 

Осы аптадан бастап Грузияда карантинге қатысты шектеулер жеңілдетіле бастады. Енді ашық аспан астында террасалары бар мейрамханалар демалыс күндері де жұмыс істейді. Туризм саласының қызметкерлері жаппай вакцина алуда. Ендігі жерде мұндай нысандар қауіпсіз деп танылып, халықаралық деңгейде жарнама жасалады. 

Саба Цилакуридзе, мейманхана басқарушысының көмекшісі:

- Вакциналау бағдарламасын толық қолдаймыз және екпе салдыру мүмкіндігін асыға күтіп отырмыз. Мейманханамызда 18 қызметкер жұмыс істейді. Бәрі де вакцина алады. Өткен жылы жабылуға тура келді, ал биыл бір ай болды, жұмыс істеп жатырмыз. Қонақ қабылдайтын 52 бөлмеміз бар, бірақ әзірге тек он номерде тұрып жатыр. Соңғы күндері келушілер саны көбейді. Және осы және келесі айға тапсырыс бергендер бар. Саяхатшылар көбіне Қазақстан, Ресей және Украинадан келеді. 

Грузия өз әуе кеңістігін наурыз айында ашқан болатын. Осы жылдың алғашқы төрт айында елге 220 мың шетел азаматы саяхаттады. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 90 процент төмен, бірақ былтырғымен салыстырғанда әжептәуір жоғары. Тбилиси қаласының тарихи бөлігінде де ел қарасы көбейді. Қазақстандық Әлия Айтбекова ковид-төлқұжатымен келген. Онымен саяхаттау тиімді екен, дүркін-дүркін  ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ.

Әлия Айтбекова, турист /Қазақстан/:

- Мұндай төлқұжатың болса, ПТР-тест керек емес. Шекарадан кедергісіз өте аласыз. Әрине шығындарың да азаяды. Мысалы, менімен саяхаттап жүрген құрбым әр үш күн сайын 15 мың төлеп, ПТР-тесттен өтіп жүр. 

Грузия тұрғындары үшін 2019 жыл ерекше жемісті болды. Сол кезде елге 9 миллионнан астам шетелдік турист келіп, бұл саланың табысы 3 миллиард доллардан асып кетті. Биыл сол көрсеткіштің 25 процентіне жету жоспарда бар. 

Автор: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы