Италияның солтүстігінде фуникулёр жерге құлап, 12 адам қаза тапты.
Ауыр жарақат алған 9 бен 5 жастағы екі бала Турин қаласының ауруханасына жеткізілді. Оқыс оқиға Стреза елді мекенін бір жарым мың метр биіктіктегі Монтероне тауымен байланыстыратын аспалы жолда болған. Фуникулёр таудың шыңына 300 метр жетпей, ең биіктен құлаған. Алғашында апаттан 8 адам опат болғаны хабарланды. Кейін құтқарушылар кабинаның астынан тағы да 4 адамның денесін шығарып алды. Кейбір мәлімет бойынша, кабинада 15 жолаушы болған көрінеді.