Италияда арқанды жолдағы апаттан 14 адам қаза тапты

Италияның солтүстігінде тауға шығатын арқанды жолда апат болып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше адам жарақат алды. Олардың ішінде 5 жасар бала бар. Оқиға Стреза қаласынан Моттароне тауына баратын жолда, Маджоре көліне жақын болды. Арқан таудың шыңына жете бергенде үзіліп, адамдарды тасып бара жатқан кабина орманды жерге құлаған. Алдын ала ақпарға қарағанда, қайғылы оқиға кезінде кабинаның ішінде 15 адам болған.

Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Билік құрбандар саны артауы мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ...