Қытайда жол апатынан алты адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Нинся-Хуэй автономиялық ауданындағы Иньчуань қаласында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты.

Апаттан кем дегенде алты адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлады ТАСС.

Шағын автобус пен жүк көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатып, соқтығысқан. Апат туралы басқа мәліметтер әзірге белгісіз.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың барлығы шағын автобуста болған. Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.