«Сакура» гауһар тасы 29 млн долларға сатылды

Әлемде ең үлкен алқызыл гауһар тас 29 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Сотбис» сауда үйі ұйымдастырған бәссауда Гонконгте өтті. Салмағы 16 карат болатын асыл тас сакура ағашының атымен аталған. Мамандар сақинаға соғылған гауһар ашық қанық түсімен ерекшеленетінін айтады.

Айта кетейік, бұған дейін рекорд «Раушан елесі» деп аталатын гауһар тасқа тиесілі болған. Ол кезде салмағы 15 караттай болған қымбат тас 26 миллион 500 мың долларға сатылған еді.