Израиль маусымның 1-інен коронавирусқа қарсы шектеулерді алып тастамақ.
Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейн мәлімдеді. Оның айтуынша, осы күннен бастап адамдарға вакцина салдырғаны жайлы жасыл паспорттың қажеті жоқ. Жабық ғимарат пен көшелерде топтасып жиналуына шектеу жойылады. Бірақ қоғамдық орындарда бетперде тағу тәртібі кем дегенде екі аптаға сақталып, шетелге саяхаттауға тыйымдар әлі күшінде қала бермек.
Айта кетейік, Израильде коронавирусқа қарсы шектеулер былтыр наурыз айында енгізіліп, бірнеше мәрте созылған. Бірақ халықты жаппай вакциналау арқасында билік эпидемияға тосқауыл қоя алған. Қазірге дейін COVID-19-ға қарсы 5 миллионнан астам тұрғын егілген.
