Испанияның жағалау күзеті теңізден ондаған мигрантты құтқарды 

Испания жағалау күзеті Гран-Канария аралының маңында тағы 64 мигрантты құтқарды.

Әскерилердің айтуынша, мигранттар Испания аумағына жету үшін теңізде 6 күндей жүзген. Қазір босқындар Аргинегин портына жеткізіліп, коронавирусқа қарсы тексерулерден өткізілген. Соңғы уақытта Африкадан Испания аумағына ағылған мигранттар қарасы күрт өскен. Мысалы, жыл басынан бері бір Канар аралдарына 5 мыңға жуық мигрант келген.