427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусьте қамауға алынған журналист Роман Протасевичтің бейнежазбасы пайда болды

  • 106
  • UPD: 09:45, 25.05.2021

Ол бейнеүндеуінде тергеу ісімен танысқанын және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғанын мойындады.

Денсаулығы сыр берді деген ақпаратты да жоққа шығарып, алаңдамауды сұрады.

Роман Протасевич:

– Мен қазір Минскіде қамауда отырмын. Денсаулығым нашарлады деген ақпарат жалған. Құқық қорғау органдары менің тарапыма қандай да бір қысым жасап жатқан жоқ, тергеу заңға сәйкес жүріп жатыр. Өз кінәмді мойындаймын.

Александр Лукашенконың саясатына ашық қарсылығын білдірген «НЕХТА» телеграм каналының бұрынғы бас редакторы Вильнюске ұшып бара жатқан кезінде ұсталған еді. Жанында болған 23 жастағы бойжеткен де қамауға алынды. Ол Ресей азаматы болып шықты. Беларусь билігінің бұл әрекетін ондаған мемлекет пен халықаралық ұйым қатаң сынға алды.

Хабар 24 телеарнасы