ЕО Беларусь билігінен күштеп ұсталған Протасевич пен Сапеганы босатуды талап етті

Еуропалық одақ елдерінің ұшақтары Беларусь әуе кеңістігінің үстімен ұшпауы мүмкін.

Кәрі құрлық мемлекеттерінің басшылары шұғыл кездесіп, осындай шешім қабылдады. Сонымен қатар жуық арада осы елдің әуе компанияларының одақ аумағы мен әуежайларына кіруіне тыйым салынады. Бұдан бөлек, Еуроодақ кеңесі Беларусь билігінен Ryan Air ұшағында күштеп ұсталған Роман Протасевич пен София Сапеганы тез арада босатуды талап етті. Және одақ мүшелері жуық арада Беларуське экономикалық санкциялар салатын болып келісті.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:

– Беларусь билігі өзінің әуе кеңістігін бақылауды ұшақты мемлекеттік тұрғыдан айдап әкету үшін қолданды. Сондықтан ендігәрі Беларусь әуе кеңістігі арқылы ұшақтардың ұшу қауіпсіздігіне сенуге болмайды. Осыған байланысты Кеңес Беларусь ұшақтарына Еуроодақ әуе кеңістігін пайдалануына және әуежайларына кіруіне тыйым салу үшін шаралар қабылдайды.