Д.Безос ең бай адам атағынан бірер сағатқа айырылды

«Амазон» басшысы Джефф Безос бірнеше сағатқа әлемдегі ең бай адам атағынан айырылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны француз сән әлемінің алпауыты Бернар Арно басып озды. Бір күннің ішінде Арноның байлығы 800 миллион долларға көбейіп кеткен. Бірақ бірер сағаттан кейін Безостың дәулеті 188 миллиард 100 миллионға артып, қайтадан бірінші орынға шықты. Байлықтың қызықты бәсекесі туралы Forbes журналы хабарлады. Арноның асығының алшысынан түсуіне коронавирус індеті қолайлы әсер еткен. Қазір әлемдегі ең бай адамдардың ондығына 8 америкалық, бір француз және бір испандық кірген. Арасында Tesla және Space Х компанияларының негізін қалаушы Илон Маск бар.

Сондай-ақ...