427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та ӘӘК базасынан ұшып шыққан ұшақ апат болды

  • 82
  • UPD: 09:43, 25.05.2021
АҚШ-та ӘӘК базасынан ұшып шыққан ұшақ апат болды kp.ru

АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ Невада штатында апатқа ұшырады.

Оқиға Лас-Вегасқа жақын маңда болған, деп хабарланды әуе базасының Twitter-інде.

«Қосалқы мердігер басқарған ұшақ ӘӘК-тің Неллистегі базасынан ұшып шыққан, сағат 14:30-де апат болды (елорда уақытымен 3:30 – ред.)», – делінген хабарламада.

Мәлімдемеге сәйкес, оқиға орнында жедел әрекет ету қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы