427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайлық суретші Бейжіңде киізден жасалған қуыршақтар көрмесін ұйымдастырды

  • 104
  • UPD: 10:09, 25.05.2021
Қытайлық суретші Бейжіңде киізден жасалған қуыршақтар көрмесін ұйымдастырды

Қолөнер шеберінің айтуынша, бұл іспен айналысып жүргеніне 10 жылдай уақыт болыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан бері киізден жасаған дүниелері талай көрменің көркін келтірген. Ерекше қуыршақтар тек Қытайда ғана емес, Жапония жеріндегі көрмелердің төрінен табылған. Себебі шебердің қолынан шыққан бұйымдар галеристер мен жеке коллекционерлер арасында жоғары сұранысқа ие екен.

Инь Юэ, суретші:

– Киізден жасалған бұйымдарды алғаш рет интернеттегі суреттерден кездейсоқ көріп қалдым. Қатты қызығып, ойыншықтарды өз қолыммен жасап көруге бел будым. Осы іспен айналысып жүргеніме, қазір міне 10 жылдан асты. Басында ермек болған бұл өнер түрі уақыт өте кәсібіме айналды.

Хабар 24 телеарнасы