427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕО Беларусьқа инвестиция құюдан бас тартты

  • 129
  • UPD: 14:05, 25.05.2021

Еуроодақ бұған дейін Беларусьқа қарастырылған 3 миллиард еуро көлемінде инвестициялық және экономикалық көмек көрсетуден бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шешім Беларусь демократиялық мемлекетке айналмайынша күшінде қалмақ. Сонымен бірге Минск сөз және пікір бостандығын құрметтемейінше, Кәрі құрлық қысым көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізді. Бұған дейін Еуропалық одақ елдерінің ұшақтары Беларусь әуе кеңістігінің үстімен ұшпау туралы шешім қабылдаған еді.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:

– Беларусь билігі өзінің әуе кеңістігін ұшақты айдап әкету үшін қолданды. Сол себепті бұл елдің әуе кеңістігі арқылы ұшақтар бұдан былай қауіпсіз ұша алатынына күмән бар. Осыған байланысты Еуроодақ Кеңесі Беларусь ұшақтарына одаққа мүше мемлекеттердің әуе кеңістігін пайдалануына және әуежайларына қонуына тыйым салып отыр.

Хабар 24 телеарнасы