COVID-19: Бельгияда өлім-жітім азайды

Бельгияда соңғы аптада коронавирустың таралуы саябырлап, өлім-жітім азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықты вакциналау да қарқынды жүріп жатыр. Егде жастағы тұрғындардың 40 проценті екпенің бірінші дозасын, 15 проценті екі дозасын алған. Елде мейрамхана мен дәмханалардың жазғы алаңдарына таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Корольдікте ауа райы салқын болғанына қарамастан жазғы терассаларда халық қарасы көп. 

БЛИЦ:

– Жаздық терассаларды әзірге жаздық деп айтуға келмес. Бірақ ашық алаңдарда адам қарасы мол. Осында тұрып келе жатқаныма 20 жылдай болды. Шаһарда террассалардың көптеп ашылуын алғаш көруім.

– Террассалар ашыла салысымен достарымызбен жиі кездесетін болдық. Себебі, ұзақ уақытқы шектеулерден бұрынғы өмірімізді сағындық.

Жергілікті билік маусымның 9-ынан бастап шектеулерді одан әрі жеңілдетуді жоспарлап отыр. Осы күннен бастап мейрамхана мен дәмханалар қонақтарды жабық ғимараттарда қабылдауына рұқсат етілмек.