ЕО шектеулері «Белаэронавигацияның» табысын азайтады

Пандемияға дейін Беларусь республикасының әуе диспечерлік қызметі жылына 300 мың рейстің әры-бері қатынауына мүмкіндік жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 83 проценті – транзиттік ұшақ. Тек 17 проценті ғана Беларуське қонады. Яғни Таяу Шығыстан АҚШ-қа, Еуропадан Қытайға жүк таситын әуе кемелерінің көбі Беларусьтің әуе кеңістігі арқылы өтеді. Бұл қызметтен «Белэронавигация» жылына 50-70 миллион доллар пайда тапты. Оның үстіне Украинада Malaysia Airlines компаниясының ұшағы оққа ұшқаннан кейін әуе тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер қауіптеніп, Беларусь арқылы ұшуға көшті. Енді оның барлығы бұл жолдан бас тартса, шығын орасан зор болады. Оған қоса үкіметке қарасты «Белавиа» әуе компаниясы да қиын жағдайда қалуы мүмкін. Өйткені ол негізінен халықаралық бағытқа ұшады. Егер Еуроодақтың тыйым салу туралы бастамасына Украина қосылып жүзеге асырса, онда компания жаңа бағыттар іздеуге мәжбүр болады.