426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикада оқытушылар мектептердің маусым айында ашылуына наразы

  • 117
  • UPD: 15:18, 25.05.2021
Мексикада оқытушылар мектептердің маусым айында ашылуына наразы

Мексика астанасында мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқытушылар үкіметтің маусым айында мектептерді ашу жоспарына наразы. 

Мұғалімдер оқушылар жаппай коронавирусқа қарсы вакцина алмайынша, оқу орындарын ашу дұрыс емес дегенді айтады. Ал билік қазір елде індеттің таралуы бәсеңдеп, науқастар саны азайғанын айтып отыр. Сондықтан маусымда оқушылардың мектептерге оралуын жоспарлап отыр.

БЛИЦ:

– Үкіметтен оқушыларды коронавирусқа қарсы вакциналауды талап етеміз. Себебі мұғалімдер вакцина салдырғанмен оқушылар екпе алмаған. Бұл індеттің қайта өршуіне әкеледі.

– Балалар дене тәрбиесін далада өткізу үшін билік вакциналау бағдарламасын жылдамдату қажет. Елде бұл науқан баяу жүріп, қазірге дейін халықтың 20 проценті ғана егілген.

Хабар 24 телеарнасы