Перуде лаңкестер 18 адамды өлтірді

Перудің Сан-Мигель-де-Альенде қаласында лаңкестік ұйымының содырлары 18 адамды өлтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрбандар арасында бірнеше бала мен әйел бар. Әскерилер мәйіттердің жанынан 6 маусымда өтетін президент сайлауына бойкот жариялау, дауыс беру парақшаларын бүлдіру және «Халық күші» партиясының үміткеріне қарсы шығуға шақырған қағаздар тапқан.

Айта кетейік, бұл лаңкестік ұйым 1960 жылы Перудің Коммунистік партиясы ретінде тіркелген. Содан бері ұйым содырларының қолынан 69 мың бейбіт тұрғын ажал құшқан.

Кейко Фухимори, президенттікке үміткер:

– Бұл шабуылды қатаң айыптаймын. Осындай қантөгістердің елімізде болып жатқанына жүрегім ауырады. Жақынынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Сондай-ақ...