Үндістанда 20 мұнайшы әлі табылған жоқ

Үндістанда кеме апаты кезінде жоғалып кеткен 61 мұнайшының денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптада елде соңғы 20 жылда болмаған алапат дауыл ойран салған еді. Салдарынан 260-тан аса адам мінген баржа суға кетті. Құтқарушылар 180 мұнайшыны аман алып қалды. Ізім-ғайым жоғалып кеткен 20 адам әлі табылмады. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Полиция өкілі:

– Әзірге 61 марқұмның 31-інің жеке тұлғасы анықталып, денелері туыстарына берілді. Тағы 30 мәйітке ДНҚ сараптамасы тағайындалды. Сөйтіп алдағы уақытта олардың да жеке тұлғасы анықталуы тиіс.