427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шри-Ланкада химикат тиелген контейнер өртеніп жатыр

  • 68
  • UPD: 11:33, 26.05.2021

Шри-Ланкада 4 күннен бері контейнер тасымалдайтын кеме өртеніп жатыр. Су көлігі Коломбо қаласынан 18 шақырым аумақта зәкірде тұрған.

От шыққан кезде контейнер тасығышта 25 адам болған. Арасында Филиппин, Қытай, Үндістан және Ресей азаматтары бар. Барлығы шұғыл түрде қауіпсіз жерге  көшірілді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт салдарынан 2 адам жарақат алған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, от Сингапурға тиесілі контейнердегі химиялық заттардан шыққан. Жалпы кемеге 1 мың 486 контейнер тиелген. Мұның ішінде 25 тонна азот қышқылы мен басқа  да химикаттар бар. Бірнеше контейнер теңізге құлаған. Мамандар суға мұнай төгілу қаупі бар деп дабыл қағуда. Қазір өртті сөндіруге Шри-Ланканың әскери-теңіз сарбаздары барын салып жатыр.

Даршани Лахадапура, теңіз аумағын қорғау мекемесінің басшысы:

- Күшті жел өртті өршітіп жіберді. Сондай-ақ контейнерлердің бірінде жарылыс болды. Осы факторлар өртті сөндіру ісін қиындатып тұр.

Хабар 24 телеарнасы