Үндістанда дауылдан екі адам қаза тапты

Үндістанның шығысында торнадо соғып, салдарынан 2 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын жарақат алған.

Бұдан басқа жүздеген үй қирап, электр желілері үзілді. Қазір 50-ге жуық үй жарықсыз отыр. Билік аймақта төтенше жағдай жариялап, 1 миллионға жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді. Өткен аптада осы елдің батысында Тауктае дауылы соғып, 150-ден астам тұрғын ажал құшқан болатын.

Эйчр Бисвас, метеоролог:

- Яас дүлей дауылы ертең түске қарай теңізден құрлыққа толық шығып, әрі қарай бағытын солтүстік-батысқа қарай бұруы мүмкін. Сондықтан бұдан да үлкен қауіпке қарсы дайындалуымыз керек. Ең бастысы адам шығынын болдырмауымыз қажет.