Чилиде вакцина салдырған адамдарға жеңілдік жасалады

Чилиде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға жеңілдік жасалып, ел аумағында еркін қозғалуға рұқсат етілді.

Шара азаматтарды ковид-19-ға қарсы екпе алуға ынталандыру үшін қолға алынған. Жаңа тәртіпке сай екпенің екі дозасын алғандар карантин енгізілген аймақтарға да бара алады. Осы мақсатта телефон арқылы арнайы қосымша ашылған. Бірақ бетперде тағу және арақашықтықты сақтау талаптары әлі бар. Және шетелге саяхаттауға тыйым салынған. Жалпы Чилиде қазірге дейін коронавирусқа қарсы екпенің 2 дозасын 8 миллионға жуық тұрғын алған. Бұл Чили халқының 50 процентінен асады.

Педро Гвардиола, жергілікті тұрғын:

- Бұл өте дұрыс. Себебі вакцина салдырған адамдар көбейді. Мен егілгенім жайлы анықтаманы үнемі өзіммен бірге алып жүремін. Індетті тоқтату үшін өзге тұрғындарды да вакцина салдыруға шақырамын.

Ал осы елге көрші Аргентинаның бірнеше қаласында биліктің жаңа карантиндік шектеулеріне қарсы наразылық шеруі өтті. Адамдар үкіметтен карантинді қатаңдатуды тоқтатып, азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етуде. Себебі шектеулерден халықтың әл-ауқаты нашарлаған. 

Соедад Понсио, тұрғын:

- Індтпен күресте тек оқшаулауға сүйене бермеу керек қой. Адамдар жұмыс істемей таамқ сатып сатып ала алмайтын халге жетті. Ал Азық-түлік болса қымбаттап жатыр. ал ауруханаларда жағдай болса мәз емес. Үкімет мәселені шшуге күш салып жатқан жоқ.

Сондай-ақ...