427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ халықтың вакцина салдыруы үшін ынталандыру әдістерін қолдануда

  • 86
  • UPD: 11:34, 26.05.2021
АҚШ халықтың вакцина салдыруы үшін ынталандыру әдістерін қолдануда

АҚШ билігі халықты коронавирусқа қарсы екпе салуға ынталандыру үшін сан түрлі тәсіл қолданып жатыр.

Мәселен, бұған дейін препарат қабылдағандар арасында лотерея ойнатылып еді. Енді азаматтардың көптеп екпе алуына онлайн танысу сервистері де сеп болмақ. Қауіпті індетке қарсы егілгендер бұл қызметтің ақылы қызметі мен оның жаңа функцияларына тегін қол жеткізеді. Ал «Убер» компаниясы болса, жолаушыларды вакциналау орталығына жеткізу үшін жеңілдік ұсынып отыр.

Джон Уайт, WEBMD порталының медицина бөлімінің меңгерушісі:

- Кейбір адамдар вакцина салдырғысы келсе де қоғамдық көлікпен жүре алмауы мүмкін. Немесе өзінің жеке автокөлігі де жоқ болуы ықтимал. Сонда екпе салдыру орталығына қалай жетеді деген сауал туындайды. Бұл ретте халықтың вакциналауға ынталандыру жобасына Убер секілді онлайн такси қызметін көрсететін компанияны тартудың пайдасы мол.

Соңғы дерек бойынша АҚШ-та халықтың шамамен жартысы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын алған. Ал тұрғындардың 38 проценті екі компонентті де салдырған екен. Президент бұл көрсеткішті 4 шілдеге дейін 70 процентке дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сөйтіп, АҚШ-тың Тәуелсіздік күнін атап өту кезінде шектеу шаралары алынып тасталуы әбден мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы