АҚШ-та атыстан төрт адам көз жұмды

АҚШ-тың Огайо штатындағы Батыс Джефферсон ауылында атыс салдарынан төрт адам қайтыс болды.

Бұл туралы сейсенбі, 25 мамырда, The Hill хабарлады.

Батыс Джефферсонның полиция бастығы Кристофер Флойд журналистерге үш адамның денесі пәтердің ішінен, ал тағы бір адамның денесі сырттан табылғанын айтты.

Полиция араға күн салып қайтыс болғандардың аты-жөндерін анықтады. Флойд кісі өлтіру дүйсенбі күні түстен кейін болуы мүмкін деген нұсқа бар екенін тілге тиек етті.

«Қазіргі уақытта біз бұл тонаудың салдары ма, әлде басқа бір нәрсе ме, ол жағын нақты білмейміз», – деді ол Columbus Dispatch-ке берген сұхбатында.

Полиция бастығы істі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін, 23 мамырда Огайо штатында үш адам қайтыс болып, тағы бесеуі барда атыс салдарынан жарақат алды. Оқиға Янгстаун қаласында болғандығы туралы хабарланды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.