Францияда наразы дәрігерлер жерге жатып алды

Францияда дәрігерлер наразылық акциясын ұйымдастырып, Денсаулық сақтау министрлігі алдындағы жолды жауып тастады. Кей ауруханалардағы хирургия бөлімінің қызметкерлері бір күндік ереуіл жариялады.

Наразылық шарасына үкіметтің денсаулық сақтау саласында жүргізген реформасы себеп. Салдарынан қызметкерлердің өзге жұмыстарға кетуі жиілеп, мемлекеттік аурханаларда операция бөлімдерінің жабылуы белең алған. Дәрігерлер биліктің мәселеге назар аудармауы осы денсаулық сақтау саласына зор нұқсан келтіріп жатқанын айтады. 

Грегори Шакир, «INTER-BLOCS» медицина қызметкерлері қозғалысының ресми өкілі:

- Иә біздің операция бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлер де ереуіл жариялады. Өткен жолы анестезиологтар наразылық шарасын ұйымдастырған еді. Мұның барлығы елдегі денсаулық саласының сын көтермейтінін, ал реформа жағдайды өзгертпегенін көрсетеді. Біз үкіметтен осы саладағы көп түйткілді шешу үшін қайтадан келіссөз жүргізуді сұраймыз.