Италияда фуникулёр кабинасының құлауына қатысты үш адам ұсталды

Италияда 23 мамыр күні Моттарон тауында фуникулёр кабинасының құлауына қатысты үш адам ұсталды.

Төтенше жағдай салдарынан 14 адам, оның ішінде екі бала қайтыс болды. Бұған дейін 12 адам көз жұмғаны айтылған еді.

ANSA мәліметінше, Ferrovie Mottarone компаниясының иесі Луиджи Нерини, сондай-ақ осы фирманың екі қызметкерін ұсталған.

Тергеу барысында фуникулер кабинасын шұғыл тежеудің авариялық жүйесі ажыратылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Фуникулёр таудың шыңына 300 метрдей жетпей, ең биіктен құлаған.