Әлемде вакцинаны алғашқының бірі болып салдырған адам қайтыс болды

Уильям Шекспир қайтыс болды. Ол Ұлыбританияда жаппай вакциналау басталғалы ковид-19-ға қарсы вакцина салдырған екінші адам болатын.

Өкінішке орай, 81 жастағы қария коронавирусқа қатысы жоқ, ұзаққа созылған аурудан көз жұмды. Ақсақалдың ажалына инсульт себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, ол өткен жылдың желтоқсан айының басында «Пфайзер» екпесін алған еді. Бұл препаратты әлемде алғашқы болып, осы Британияның тұрғыны Маргарет Кинан салдырған болатын.

Сондай-ақ...