АҚШ-та тікелей эфирде атыс болды

Былтыр полицияның қолынан қаза тапқан афроамерикандық Джордж Флойд ескерткішінің жанында атыс болды.

Марқұмның жылдығына байланысты тікелей телеэфир жүріп жатқан кезде 30-ға жуық оқ атылған. Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, атыстан 1 адам жарақат алды. Оқ атылғанға дейін журналист АҚШ-та полицейлер қызметіндегі жаңа реформа туралы айтқан. 

Американдықтар жаппай көшеге шығып, Джордж Флойдты еске алды. Оның өлімі АҚШ-та ғана емес, сондай-ақ әлемнің ондаған елінде нәсілдік кемсітуге қарсы күрес символына айналды. Афроамерикандықтың жылдығында Нью-Йорктің әртүрлі ауданында жүздеген адам қолына плакат ұстап шеруге шықты. Ереуілшілер АҚШ-тың құқық қорғау жүйесін реформалау және әділетті қоғам туралы ұрандар айтты.

Элайджа Грин, ереуілші:

- Флойдты тізесімен тұншықтырған офицердің видеосын алғаш көргенде көз жасымды тыя алмадым. Ол адам баласы, біреудің әкесі емес пе?!