Бірқатар ел халықаралық қауымдастықты Сириядағы президент сайлауын мойындамауға шақырды

Сирияда президент сайлауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяси тартысқа 3 кандидат түсіп жатыр. Бірі – қазіргі президент Башар Асад. Одан бөлек социалистік партияның бұрынғы депутаты мен оппозиция өкілі бар. Сарапшылар қазіргі мемлекет басшысының жеңіске жетуге мүмкіндігі мол екенін айтады. Бұл болжамдар расталса, 55 жастағы Башар Асад төртінші рет 7 жылдық мерзімге қайта сайланады. Алайда оппозиция мен батыстың бірқатар елдері бұл Сириядағы саяси дағдарысты шешуге көмектеспейтінін айтады. Осы ретте Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия мен Италия өкілдері халықаралық қауымдастықты президент сайлауын мойындамауға шақырып отыр.