Барселонада бір ғасырдан астам уақыт салынып жатқан ғимараттың құрылысы бітпеді

Барселонадағы Саграда Фамилия ғимараты құрылысының аяқталу мерзімі тағы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған құралдардың, материалдардың, бастысы қаржының жетіспеушілігі себеп. Негізінде шіркеу шығынын шаһарға келген туристер көтеріп келді. Бірақ коронавирусқа байланысты туризм саласы тұралап қалған. Сәйкесінше, құрылысқа қажетті қаржы түсімі де тоқтаған. Жоба сәулетшілерінің айтуынша, алдағы 5 жылда құрылыс жұмыстарының аяқтала қоюы екіталай. Бұған дейін шіркеу құрылысы 2026 жылы бітеді деп жоспарланған еді.

Айта кетейік, Саграда Фамилия ғимаратының құрылыс жұмыстары бір ғасырдан астам уақыттан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Шіркеудің ең алғашқы тасы 1882 жылы қаланған.